Текст

Құрметті сайт қонақтары!
Құрметті оқушылар, ата-аналар! Өркен аулының жалпы орта білім беретін мектебінің сайтын ашудағы негізгі мақсатымыз мектеп, оқушы, ата-ана арасында тығыз байланыс орнату. Оқу-тәрбие үдерісінде болып жатқан жаңалықтарды, оқушыларымыздың жетістіктерін мектеп сайтынан көрулеріңізге болады. Біздің оқушыларымыз, яғни сіздердің балаларыңыздың жетістіктерін сайт арқылы көру мүмкіндігіне ие болдық. Құрметті ата-аналар! Мектеп, сынып жайлы және балаңыздың білімі жөнінде мәліметтерді осы сайт арқылы біле отырып, ойыңызда жүрген сұрақтар төңірегінде де пікір алмасуға болады. Іске сәт!
Мектеп директоры Талдин Жандос Серикович
18.05.2026
Қорытынды аттестация бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді
«Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған қорытынды аттестация бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналарды мемлекеттік емтиханның өткізілу...
18.05.2026
Кәсіби бағдар беру
Қызыл жар ауылының көпсалалы инновациялық колледжі 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға колледждегі мамандықтар, оқуға түсу шарттары мен оқу үдерісі туралы толық ақпарат берілді. Оқушылар сұранысқа ие мамандықтар,...
18.05.2026
Жарнама саламыз-заңды сақтаймыз!
08.05.2026
"Аутизм туралы ақпарат тарату күні"
13.04.2026 жылы "Аутизм туралы ақпарат тарату күніне" арналған айлық аясында педагог-психолог Жунусова С.М. «Эмпатия және қабылдау» тақырыбында тренинг өткізді.
Мақсаты: қатысушыларда даму ерекшеліктері бар адамдарға деген толерантты көзқарасты қалыптастыру,...
08.05.2026
Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысы
Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушылары арасында «Менің болашақ мамандығым» атты плакаттар байқауы өткізілді. Аталған байқау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтуге...
29.04.2026
Діни экстремизм мен терроризмнын алдын алу
02.04.2026
Кәсіптік бағдар беру жұмысы
2026 жылдың 1 сәуірінде Көкшетау Жоғары техникалық колледжінің мамандары 9, 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі мақсаты - мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, олардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын...
02.04.2026
«Күй күмбірі»
«Наурызнама» онкүндігі аясында «Өркен ауылының ЖОББМ» КММ «Домбыра» үйірмесінің оқушылары «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджіне қатысты. Үйірме жетекшісі Болат Б.С. ұйымдастыруымен Дәулеткерей Шығайұлының «Қосалқа» күйі...
01.04.2026
Мемлекеттік қызмет көрсету есебі
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу...
16.03.2026
«Қайырымдылық күні»
Наурызнама онкүндігі аясында мектепте «Қайырымдылық күніне» орай қайырымдылық және ізгілікке бағытталған «Ардагерлерді ардақтайық» іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, адамгершілік...