08.05.2026
13.04.2026 жылы "Аутизм туралы ақпарат тарату күніне" арналған айлық аясында педагог-психолог Жунусова С.М. «Эмпатия және қабылдау» тақырыбында тренинг өткізді.
Мақсаты: қатысушыларда даму ерекшеліктері бар адамдарға деген толерантты көзқарасты қалыптастыру, эмоционалдық интеллект пен эмпатия дағдыларын дамыту.
Тренинг барысында қатысушылар басқа адамдардың сезімдері мен эмоцияларын түсінуге үйреніп, жанашырлық, құрмет және қолдау көрсету дағдыларын дамытты. Эмпатияны дамытуға арналған жаттығулар жүргізіліп, өмірлік жағдайлар мен әр адамды қандай болса, сол күйінде қабылдаудың маңыздылығы талқыланды.
Тренинг жылы әрі сенімді атмосферада өтті. Қатысушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, қазіргі қоғамда мейірімділік, қабылдау және өзара көмек көрсетудің маңыздылығын түсінді.
#аутизм #инклюзия #бізәртүрлімізбірақтеңбіз #эмпатия #толеранттылық #ерекшебалалар #психолог #білім #мейірімділік #қолдау