Текст
18.05.2026
«Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған қорытынды аттестация бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналарды мемлекеттік емтиханның өткізілу тәртібімен таныстыру, оқушыларға қолдау көрсету жолдарын түсіндіру және алдағы жауапты кезеңге дайындық жұмыстарын бірлесе ұйымдастыру болды.
Жиналыс барысында директордың оқу-ісі жөнінде орынбасары Ескендирова Ж.Ж. қорытынды аттестацияның мерзімі, емтихан пәндері, бағалау талаптары және қауіпсіздік ережелері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар оқушылардың психологиялық дайындығына ерекше көңіл бөлініп, ата-аналарға балаларға қолайлы орта қалыптастыру жөнінде кеңестер ұсынылды.