"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Оркен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану ««Махаббат пен Сүйіспеншілік» педагогикасы» атты онкүндігің ашық сабағы тақырыбы: Әдептілік – тәрбие бастауы

25.02.2019

 

 

Өзін-өзі тану

««Махаббат пен Сүйіспеншілік»

педагогикасы» атты

онкүндігің ашық сабағы

 

9 «А» сынып

 

 

 

                  

 

 

   Өткізген: музыка және өзін-өзі тану пән мұғалімі Искакова Г.С.

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

Мектеп «Куропаткино орта мектебі»

Мерзiмі: 21.02.2018 ж

Тақырып: Әдептілік – тәрбие бастауы

Құндылық:сүйіспеншілік

Қасиеттер:мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм:Искакова Г.С.

Сынып  9 «А»

Оқушылар саны: 16

 

Мақсаты:

1.Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу;
2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар: слайд, үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

-Оқушылармен амандасу

-Сабақ барысымен таныстыру

II. Әдептілік жайлы түсінік

ІІІ.Әдептілікке, адамгершілік – сыпайылыққа байланысты мақал –мәтелдер.

IV. Ойын «Күншуағы»

V. Ойланайық пікірлесейік.

VІ. Шығармашылық тапсырма

VII. Қорытынды

Қолданылғанәдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, пікіралысу, әдептілікке байланысты түрлі суреттер

II. Әдептілік жайлы түсінік

Әдептілік — адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Әдептілік қағидалары — мінез-құлык нормасы болып табылады. Ал, мінез-құлық – адам бойына сүт пен кіріп, сүйекпен шығатын қасиет. Олай болса, адамды әдептілікке жастайынан баулу керек. Әуелі адам әдептіліктің не екенін жақсы біліп, ол жайында жеткілікті түсінікке ие болуы қажет. Адам әдептілік туралы дұрыс түсінік пен білімге канық болғанда ғана оның нормаларына бой ұсынудың қажеттілігіне көз жеткізеді.

 

Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
•Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық – айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
•Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі. 
Инабаттылық – әдептіліктің әсем көрінісі.
Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тілалғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады.

Имандылық қасиеттер:
Қарапайымдылық,Сыпайылық, Мейірімділік, Кішіпейілділік, Ізеттілік, Адалдық

 

ІІІ.Әдептілікке, адамгершілік – сыпайылыққа байланысты мақал –мәтелдер.

Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.
Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәм етпе.
Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең.

Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.
Әдеп сіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.
Адам әдебімен көрікті.
Әдеп басы – тіл.
Әдепті дегенше, әдемі десейші.
Әйел — әдептің әліппесі.
Тәрбие басы — тал бесік.

 

IV. Ойын «Күн шуағы»

Балалар әдептілікке байланысты сөздерді күн сәулесіне жазады.

 

V. Ойланайық пікірлесейік.
Ұлдарға сұрақ:
1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? (еңбіріншіден мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті)
2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? (Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі хошиісті болып өседі. Қызбалада, солай кішкентай кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса, өскенде солай қалыптасады).
3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсікүлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны)
4. Қыздарға арнап мақал айт.(Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, қыздың көркі шаш. Қызға қырық үйден тыю. Анаға қарап қыз өсер)
5. Өзіңе қыздардың қандай қасиеті ұнайды? (қылықты, әдепті болса, сыпайы, биязы болса)
Қыздарға сұрақ:
1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні сыйламайтындығы)
2. Ұлдарға арнап мақал айт.
(Атадан жақсы ұлтуса,
Қар үстіне от жанар.
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар
Жақсы бала әкесін басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төр дегі басын есікке сүйрейді, жақсы бала - сүйік, жаман бала - күйік)
3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл, адамгершілігі мол)
4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің? (Отан үшін отқа түс күймейсің деген дей, ұл бала еліне   Отанына қызмет етуі тиіс. Ол үшін  тәртіпті, саналы, адамгершілігі мол болуы керек деп ойлаймын)
5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені атар едің? ( Ата – анасын сыйлау, өз елінқорғау

 

VІ. Шығармашылық тапсырма «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі.Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабаққа.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

 

VII. Қорытынды. Рефлексия

Бүгінгі сабағымызға арналған әсерлерінізді және әдептілік сөздерін «Әдептілік ағашына» апарып жабыстырамыз Әдібай Табылдиева тал арың келешекте әдепті балалар өз міндеттерін ұмытпасын деп мынадай тапсырма берді, қалай орындау қолымыздан келеме?
Әдібай атаның тапсырмасы.
1. Бір мезгілде ұйықтап, белгілі уақытта оянып үйрен.
2. Ерте тұрып, таза ауада денеңді шынықтыр.
3. Күнде таңертең салқын сумен жуын.
4. Көшеде жүргенде, көше тәртібін сақта.
5. Көшеде, көпшілік орындарында әдеп сақта.
6. Үй жинауды, еден сыпыруды, ыдыс-аяқжууды ұмытпа.
7. Үлкендердің, ата-ананың тілін ал

 

 



 

Просмотров: 623


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст