Ақпарат
2 ақпан 2023 жылы «Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 1 «А» сыныбының сынып жетекшісі Искакова Г.С. жетекшілігімен «Қош бол, Әліппе!» мерекесі өтті. Онда 1 «А» сыныбының оқушылары өздерінің аналары мен әкелеріне жарты жыл ішінде не үйренгендерін қуанышпен көрсетті. Мереке көңілді түрде өтті. Әр бала оған міндетті түрде қатысты, балалар оқыды, ән айтты, өлең айтты, би орындады, ойнады — бір сөзбен айтқанда, не үйренгендерін көрсету үшін бәрін жасады. Мерекеге балаларға сүйікті «Әліппе» және «Ана тілі» кейіпкерлері келді. Мереке кейіпкерлерінің рөлдерін 5 «А» сынып қыздары абуталип Аина мен Серікқызы Айгерім орындады. Осы мерекеде ынталандыру мақсатында әр бала Дипломмен марапатталып, тәтті сыйлықтарға ие болды. Бұл баланың мектеп өміріндегі алғашқы маңызды марапаты және жаңа білім алуға негіз болатын құжаты.Ал біздің сәбилеріміздің ата-аналары мен мектеп әкімшілігі балаларға сәттілік, жеңіс және жақсы көңіл-күй тіледі.