Текст
18 қаңтарда ЖМБ апталығы аясында 5-7 сыныптарға арналған "Ең ақылды" сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: 1) оқушылардың білімін кеңейту, танымдық қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін, интеллектісін дамыту.2) Математика және информатика пәндерінің бір-бірімен де, басқа ғылымдармен де байланысын көрсету.Іс-шара 8 байқаудан тұрды.Оқушылар белсенді қатысты, сұрақтарға жауап берді, жұмбақтар шешті, ребустар мен кроссвордтар шешті. Рефлексия барысында оқушылар өткізілген іс-шара туралы өз пікірлерін білдірді.