Текст
2022 жылғы желтоқсанның 21-і күні "Чаглинка ст. НОМ"КММ базасында аудандық білім бөлімінің әдіскері Д.С.Наргужина жетекшілігімен директордың оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасарларының аудандық семинары өтті, өткізу форматы: ашық сабақтар түрінде болды. Аталған мектептің аттестациядан өтетін әр түрлі біліктілік санатты мұғалімдері ашық сабақтар берді. Аталған семинарға "Өркен ауылының ЖОББМ" КММ директордың ОТІ бойынша орынбасары А.К. Тулегенова қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті. "Чаглинка ст. НОМ"КММ ұжымына, әріптестерге шығармашылық табыс тілейміз.