Мектептегі жасөспірімдермен кездесу және жоспарлы профилактикалық әңгімелер өткізу учаскелік полиция инспекторы мен мектептің әлеуметтік педагогының бірлескен жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Мұндай кездесу 8-11 сынып оқушыларымен өтті. Кездесу аясында Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған әңгіме өткізілді. Учаскелік полиция инспекторы Саят Мұхамедқарымұлы Нүкенов әңгімелесу өткізді. Әңгімелесу тақырыптары: заңдылықты сақтау, бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу, отбасындағы мінез-құлық, қоғамдық орындардағы және бұқаралық іс-шаралардағы мінез-құлық ережелері, көшедегі мінез-құлық ережелері, темекі шегудің, ішімдік ішудің алдын алу және кәмелетке толмағандардың ішімдік ішкені үшін жауапкершілігі. Әңгіме өте қызу және балалар тарапынан үлкен қызығушылықпен өтті. Учаскелік полиция инспекторы тек заңдар туралы ғана емес, сонымен бірге жасалған құқық бұзушылықтар үшін қандай салдарлар болатыны туралы мысалдар келтірді. Оқушылар үшін әңгіме тек танымдық қана емес, сонымен қатар өте жақсы өтті
/public/files/2022/11/30/301122_131224_whatsapp-image-2022-11-17-at-155801.pdf