Текст
2022 жылдың 3-4 қарашасынан бастап Көкшетау қаласында № 1 ОМ «Рухани жаңғыру – Болашақ бағдар» бағдарламасын және «Оқушылардың пікірсайыс қозғалысы» жалпыұлттық мәдени –білім беру жобасын іске асыру аясында облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирдің мақсаты: қазақстандық қоғамда орын алып отырған өзекті проблемалық жағдайларды талдау және жария талқылау арқылы облыс оқушыларының әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру,нақты проблемаларды шешу жолдары мен тетіктерін қалыптастыру.