Бүгін Өркен орта мектебінде бірінші Президетіміздің күніне орай шахмат клубы ашылды. Бұл қуанышты күнінің қонақтары аудандық әдіскер Абай Мырзахметович және осы кабинеттің жабдықталуына демеуші болған ТОО «Дихан плюс» директоры Серик Аскарович, зейнеткер ұстаз Мухамедияр Искакович, Сағынтай Шаймерденович т.б. қонақтарымыз куә болып, ашылу лентасын кесіп, мектеп оқушылар мен шахмат ойыншыларына үлкен қуаныш сыйлады. Мектеп оқушыларының осы іс-шараға дайындаған шағын концерттік бағдарламсы да қонақтардың көңілінен шықты. Осыдан кейін бастауыш сынып оқушыларының арасынан шахмат турнирі де басталып, ойын қорытындысы жасалды. Шахмат турниріне Алексеевка ОМ , Азат НМ және Өркен ОМ жас шахматшылары белсене қатысты. Ойынның жеңімпаздары анықталып, жеңіске жеткен оқушыларға марапат қағаздары мен медальдарды арнайы шақырылған қонақтар табыс етті.