Текст
«Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді, оған Алматы қаласының Қазақстандық инженерлік-технологиялық университетінің өкілі, 4 курс студенті Тасынова Алуа қатысты. Ол балаларға буклеттер таратып, университет туралы, мамандықтар туралы, университетте өткізілетін үйірмелер мен секциялар туралы қысқаша айтып берді. Балалар мамандықтар бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.