Текст
Әр жаз сайын барлық білім беру мекемелерінде ғимараттарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Биылғы жыл да ерекше болды.Білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр. "Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ директоры Ж.С. Талдин бастаған мұғалімдердің ер адамдары мен техникалық қызметкерлер мектептің сыртқы қабырғаларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын бастады. Мектеп қызметкерлеріне олардың баға жетпес еңбегі үшін алғыс білдіргіміз келеді, сондай-ақ "Дихан плюс" ЖШС басшысы Д. Г. Швайбовичке техникамен көмектескені үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.