2022 жылғы маусымның 17-сі күні мектепте 11-сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру өтті. Мектеп директоры Талдин Ж. С. құттықтау сөздерін айтты. Құттықтауда түлектердің өз бетінше шешім қабылдауының, өз іс-әрекеттеріне жауапты болуының маңыздылығына баса назар аударылды, барлық бастамаларына табыс, мықты денсаулық, сенімді достар тіледі.11 «А» (сынып жетекшісі – Есенжолов Ж.Х.) және 11 «Б» (сынып жетекшісі – Шоқанбекова Д. М.) сынып түлектері жалпы орта білім туралы аттестат алды.Іс-шара барысында мектеп түлектері мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне және ата-аналарға алғыс сөздерін айтты. Оқу үрдісінде жыл сайын оқушыларды сүйемелдейтін сынып жетекшілеріне ерекше назар аударылды.Қорытынды аккорд 11 «Б» сынып түлектерінің мектеп вальсі болды. Біз түлектерімізге табыс, жаңа жеңістер мен жетістіктер, өз күшімізге деген сенім мен таңдалған жолға деген сенімділікті тілейміз.