Текст
30 мамыр мен 2 маусым аралығында Зеренді ауылының М.Ғабдуллин атындағы ЖОББМ базасында Зеренді ауданының 10 сыныпты жасөспірімдер арасында Оқу-дала жиыны өтті. Аталған жиындарда әскери-қолданбалы түрлері бойынша жарыстар өткізілді, онда "Өркен ауылының ЖОББМ" КММ жасөспірімдері жақсы нәтижелер көрсетті. 10 "Б" сынып оқушылары Загребельный Сергей 1 орын және Тасболатов Ерболат ПВ атудан 2 орын алды. 10 "Б" сынып оқушысы Галимов Альян гранат лақтырудан 1 орын алды. Оқу-дала жиындарын өткізуге және оқушыларды дайындауға белсенді қатысқаны үшін Зеренді ауданының білім беру бөлімі басшысының Алғыс хатымен "Өркен ауылының ЖОББМ" КММ АӘТД педагог-ұйымдастырушысы Е. М. Тулегенов марапатталды.