Текст
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 2022 жылғы мамырдың 25-сі күні «Өркен аулының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де көркем еңбек пәні мұғалімі Аманов Т.Қ. «Шығармашылық шабыт» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге 5-9 сынып оқушыларының үздік жұмыстары қойылды. Көрме тақырыптардың, шығармалардың түрлері мен жанрларының сан алуандығын, балалар шығармашылығының өзіндік ерекшелігін, балалардың өнерге деген сүйіспеншілігін, олардың бұл өмірдегі сұлулықты көре білуін, оны шығармашылық жұмыстарында жеткізе білуін нанымды түрде айғақтайды.