2022 жылғы мамырдың 27-сы күні "Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 4 "А" сыныбында "Аттандық бала шақтан болашаққа" тақырыбында бастауышпен қоштасу кеші өтті, онда оқушылар бастауыш мектеппен және алғашқы мұғалімімен қоштасты. Аталған іс-шараның мақсаты білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу, бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшілігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Іс-шара өте қызықты және керемет өтті, балалар өз өнерлерін көрсетті, оқушылардың ата-аналары мектеп өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К.Тулегенова құттықтау сөз сөйлеп, балаларды мектептегі жақсы жетістіктері үшін мадақтамалармен марапаттады. Бұл қоштасу кеші сынып жетекшісі Қымбат Әшімқызы Шаяхметованың жетекшілігімен өткізілді. Ата-аналар сынып жетекшісіне баға жетпес еңбегі,шыдамдылығы мен балаларына 4 жыл бойы тәлім -тәрбие бергені үшін алғыс айтты.