"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Оркен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Сыңғырла соңғы қоңырау"

26.05.2022

Соңғы қоңырау мерекесі 25 мамырда «Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де өтті. Керемет бинтиктер мен ақ фартуктер, үтіктелген костюмдер мен галстуктар – соңғы қоңырауға дәстүр бойынша барлығы сәнделіп келеді. Салтанатты іс-шара «Мектеп вальсінің» әуенімен түлектердің шығуымен басталды. «Дихан Плюс»  ЖШС басшысы Швайбович Денис Генадьевич түлектерге жылы лебізін білдіріп, балаларға өмірдегі басты мақсатқа қол жеткізуде табыс тіледі. Түлектерді ата-аналар, мұғалімдер және бірінші сынып оқушылары құттықтады. Бірақ басты сөз, әрине, 11 «А» және 11 «Б» сынып оқушыларында болды. Он бірінші сынып оқушылары мектеппен қоштасып, сүйікті мұғалімдеріне алғыс айтты. Он бірінші сынып оқушылары мұғалімдер мен мектеп туралы өлеңдер оқыды, әндер айтты, қоштасу вальсін биледі. Соңғы қоңырау құқығы 11 «Б» сынып оқушысы Кеңесов Алмасқа және 1 «А» сынып оқушысы Мурсалимова Айаруға берілді. 2022 жылғы түлектерді ақ жол тілей отыра салтанатты түрде  «Соңғы қоңырау» әуенімен және  қатысушылардың қошеметімен ортадан  шығарып салдық.

          Соңғы қоңырау мерекесі мәңгі жарқын және қуанышты естелік болып қалады. Біз түлектерімізге емтихан тапсыруда табыс, ашық аспан, жарқын күн, жақсы көңіл-күй тілейміз! Мектеп, әрқашан олар үшін туған үй болып қалады деп сенеміз!

 

Просмотров: 159


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст