Текст
06 мамыр 2022 жылы «Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Менің есімде! Мен мақтанамын!» атты әскери-патриоттық ән байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты жас ұрпақты ел тарихын зерделеуге, патриоттық, азаматтық, адалдық және Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға тарту болды. Байқау туған жері үшін жандарын аямайтын Отан қорғаушылардың барлығына арналды, олар бүгінде жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтайды. Байқау ауыл клубының акт залында өтті, оған мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар қатысты. Конкурстық бағдарламаға 1-11 сынып вокалдық ұжымдары қатысты.