Текст
28.04.2022 жылы Зеренді ауылының Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне, Отан қорғаушылар күніне, Жеңіс күніне арналған Зеренді ауданының білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында "Екі жұлдыз" байқауы өтті, онда қазақ және орыс тілдерінде соғыс, бейбітшілік, махаббат туралы әндер орындалды. Бұл байқауға "Өркен ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ қатысушылары: музыка мұғалімі Капарова Асия Майлыбаевна және мектеп кітапханашысы Аманова Зада Таженовна белсенді қатысып, "Көрермен көзқарасы" номинациясы бойынша диплом алды.