"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Оркен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 27-жылдығына және Жеңіс күнінің 74-жылдығына арналған сап және ән байқауы.

08.05.2019

Бүгін біздің мектепте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 27 – жылдығына және Жеңіс күнінің 74-жылдығына арналған сап және ән байқауы өтті.
Біздің мектепте бұл іс-шара бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді. 
Әдеттегідей байқауы  взвод командирлерінің рапорт беруінен басталды , рапортты қабылдаған АӘД оқытушысы Төлегенов Е. М.. Командирлер рапорт беріп, командаларды өз қол астындағыларға сенімді түрде берді.

Бесінші сынып оқушылары үшін бұл маңызды сынақ болды, себебі олар бұл жарысқа алғаш рет қатысты. Бірақ балалар өте тырысты!
Нақты және тыңғылықты өңер көрсетті. Олардың кейбіреулері өз шеберліктерін бірінші рет көрсетіп тұрған жоқ.
Байқау қорытындысы бойынша 5-8 сыныптар арасында бірінші орын 8 "Б" сыныбы, сынып жетекшісі Д. М. Шоқанбекова, екінші орын 6 "Б" сыныбы, сынып жетекшісі Е. М. Судник, үшінші орын 7 "А" және 7 "Б" сыныбы С. Ш. Саденова, Г. Т. Рахметова иеленді. 
9-11 сыныптар арасында бірінші орынды 9 "А" сынып оқушысы Қожахметов А. С., екінші орынды 9 "Б" сынып оқушылары, сынып жетекшісі Назаренко В. В., және 10 "А", 10 "Б" сынып оқушылары, сынып жетекшілері Сабиров А. А., Жапина М. Е. және үшінші орынды 11 "Б" сынып оқушысы, сынып жетекшісі Жасұғын Б. Т. иеленді.
Қазылар алқасының мүшелері сап пен әндердің байқауы тек жарыс қана емес, сонымен қатар ұжымның ұйымшылдығы мен үйлесімділігінің көрсеткіші екенін атап өтті.

Просмотров: 489


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст