"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Оркен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үздік педагог-2019

15.04.2019

Аймақтық «Үздік педагог-2019» конкурсының қорытындысы

Сәуір айында Куропаткино орта мектебінде аймақтық  «Үздік педагог - 2019»  байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарды анықтау және шығармашылық потенциалын ашу. Олардың кәсіби тұрғыда өз біліктілігін анықтауға жағдай жасау. 

Аудандық сайысқа үздік педагогты іріктеу. 

Кәсіби өсуге бағытталған педагог өзі туралы айтуға талпынады. Кәсіби шеберлік конкурстары шығармашыл педагогтың алдында тұрған осы міндеттерді іске асыруға көмектеседі. «Үздік педагог-2019» аймақтық конкурстың қорытындысы болды. Конкурс бірнеше кезеңде өтті, оның әр қайсысында қатысушылар өздерінің кәсіптік шеберліктерін көрсетті: шығармашылық жобасын қорғауда, басқа оқу орны базасында, таныс емес оқушылар аудиториясында ашық сабақ өткізуде.

Конкурсқа 4 педагог қатысты.

Конкурстың кезеңдері:

- Өзін-өзі таныстыру (презентация) ұсынысы «таныстырудың формасы қатысушының өз еркінде) – 7 минут

- Барлық педагогтар өздерінің шебер­ліктерін, жұмыс тәжірибесін, шешендік қабі­леттерін, әріптестерімен қарым-қатынастағы тіл тап­қыш мінездерін көрсетіп, шеберлік сабақтарын өт­кізді.– 20 минут

-  «Менің кәсіби ұстанымым» атты мұғалімнің шығармашылық зертханасы (қатысушы өз қызметінің көркемдігі, авторлық, ғылыми-әдістемелік сабақ әзірлемелері, оқу бағдарламалары, құралдары, оқу-әдістемелік жинақтары және т.б.сыныптан тыс ж ұмысы, жалпы өз тәжірибесі жайлы фото, бейне материалы) – 7 минут

Байқау қорытындысы бойынша төмендегі мұғалімдер марапатталды.

    Қазылар алқасының шешімімен Калиева Жанар –Доломитов орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - өз ісінің шебері, өз шеберлігін көрсете алатын өзіндік әдістемелік нақышы бар, жаңашыл мұғалім -  І орын

      Назаренко Вера  Васильевна – учитель математики  Куропаткинской средней школы  высокопрофессиональный педагог, в совершенстве владеющий предметом, обладающий высокой эрудицией, хорошими знаниями возрастной психологии школьников- ІІ орын

      Магзумова Индира  - Чаглинка негізгі мектебінің ағылышын тілі мұғалімі - Қазіргі заман талабына сай, өз ойын үш тілде еркін жеткізе алатын, ойы ұшқыр, жаңашыл идеяларға бай ұстаздардың бірі – ІІ орын

Асылхан Сайра -  Раздольный орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі –  өз қызметінде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы тәрбиеленушілерін ізденіпаздыққа, шығармашылыққа баулиды – ІІІ орын.  

Конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз. Аудандық конкурсқа қатысушы үміткерімізге сәттілік! Денсаулық, береке және шығармашылық табыстар тілейміз! 

Мырзатхан Тамара

Оқу ісінің меңгерушісі

Куропаткино орта мектебі

Просмотров: 464


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст