"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Оркен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Х аудандық Абай және Махамбет оқулары

09.04.2019

06.04.2019 оқу жылы Зеренді ауданы № 2 орта мектебінде 
Х аудандық Абай және Махамбет оқулары болып өтті.
Х аудандық Абай оқулары – 4 номинация бойынша өткізілді.
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абайдың өлеңдерін жатқа оқу конкурсы. Қазылар алқасы бұл номинацияда төмендегі критерийлер бойынша бағалайды. 
«Көңілім- әнді ұғады» номинациясы – Абайдың әндері мен күйлерін орындау. 
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы оқушылардың өлең, ән, музыкалық шығармаларын орындау.
«Ұлылар әлемі» номинациясы Абай еңбектеріне эссе жазу.
Қатысушының теориялық білімін, шығармашылық қабілетін тексеру мақсатында эссе жұмысы бойынша арнайы 3 тақырып ұсынылады. Оқушы бір тақырыпты таңдап, 1 сағат 30 минут көлемінде эссе жазып тапсырады. Жазба жұмыстары тексерілгеннен кейін ең үздік эссе авторлары жабылу салтанатында көпшілік алдында өз шығармаларын оқып таныстырады.
«Көңілім- әнді ұғады» номинациясы бойынша 6 «Б» сынып оқушысы Ефремова Анна Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Жетекшісі музыка және өзін-өзі тану пән мұғалімі Искакова Г.С.
Х аудандық Махамбет оқулары 3 бөлім бойынша өткізілді: 
«Ел құтқарар ер едім» - Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет (ақындардың шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады). 
«Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).
«Ұлы арман» - Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылардың конкурсы.
«Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша 5 «А» сынып оқушысы Бағдаулет Айбол ІІІ орын және 7 «А» сынып оқушысы Чернов Данил қатысты. Жетекшісі қазақ тілі әдебиет пән мұғалімі Мырзатхан Т. 
«Ұлы арман» номинациясы бойынша 9 «А» сынып оқушысы Салимжан Асемгуль ІІ орын иеленді жетекшісі музыка және өзін-өзі тану пән мұғалімі Искакова Г.С.

Просмотров: 339


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст