"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Оркен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепішілік Наурыз мерекесі

25.03.2019

Мектепішілік Наурыз мерекесі

 
Наурыз сөзі — парсыша — ну — «жаңа», рыз — «күн» деген ұғымды білдіреді. Қазақша «жаңа күн», «жаңа жыл», «көктем мерекесі» «ұлыс күн» немесе «ұлы күн» деген мағына береді. Кейде оны «Ақ мерекесі», «сүт мейрамы», «төлырысы» деп те атап жүр. Қазақтан науқан және ырыздық деген сөз бар. Осыған қарағанда, жаңа жылдың ырыздығы дегенді білдіруі де мүмкін ғой.
Біздің Жаңа жылымыз шын мағынасымен Жаңа жыл деп айтуға лайық. Күн жылынып, қар еріп, жан-жануар жаздың жақындағанын сезіп көңілденген кез. Шаруа адамдарының бейнеттен қолы шешіліп, алты ай баққан арықтарын үмітті күнге жеткізіп, демалып отырған кез. Ағаш, шөптер қар астынан сілкініп шығып, гүлденіп, жасаруға даярланып, күн де қыстай бір бүйірлеп жүруін қойып, жоғары көтеріліп, бүтін ғаламға сәуле нұрын шашуға кіріскен кез. 
Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған. 
Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. 
Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелілікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесі насыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек. 
Ұлыстың ұлы күні жұмыс істемейді, іс бастамайды, ешкімді ренжітпейді, өзі де ренжімейді, дауыс көтермейді, әбес сөйлемейді, шарап ішпейді, құрбандық шалмайды. 
Бұл күні барлық даланы Қызыр ата аралайды деп үйінің есігін ашып отырады. Жастар үлкен кісілерден бата сұрайды, жігіттер қыздарға сый-сияпат жасайды. Ренжісіп қалған азаматтар бір-бірінен кешірім сұрайды.
Осыған орай біздің мектепте ағымды жылдың 20 наурызында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ұйымдастырылуымен және 9 «А», 9 «Б» сыныптар сынып жетекшілері Кожахметов Ақан Серикович, Назаренко Вера Васильевнамен бірлесіп «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізді. 
Мектеп спортзалын мерекелік көңіл күйге безендіріп, әр сынып ақ дастархан жайып, төрге жайғасты. Бұл жерде ата-аналарға да ұйымдастыруда қолдау көрсеткендері үшін алғыс айта кеткен жөн. 
Концерттік бағдарлама тоғызыншы сынып оқушыларының дайындаған «Наурыз» атты биімен ашылып, мектеп директоры барша қауымды құттықтады. Осы мерекеде марапатқа ие болған 1 «Б» сыныбы тоқсандық қорытынды бойынша кубокпен, 5 – 8 сынып оқушылары «Мәңгілік ел – тіл бірлігі» атты мәнерлеп оқу сайысында жүлделі орын алғандары үшін марапатқа ие болды. Сонымен қатар Республикалық «Білім шыңы – Ғылым сыры» журналы редакциясының 2019 жыл 25 қаңтар № 003 шешімі бойынша «Қазақстанның ұлағатты ұстазы» төсбелгісімен Искакова Гульнур Сейлбековна, Қазақстан педагогтар қауымдастығы Төралқасының шешімімен қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына және педагогика саласының өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Қазақстанның үздік ұстазы» орденімен Мырзатхан Тамара марапатталды. Келесі кезекте аударыспақ, арқан тарту, тенге алу, садақ ату, асық ату ұлттық ойындарымен,айтыс өнерімен, ән шашу, өлең жолдарымен, қара жорға биімен оқушылар көрермендердің ықыласына бөленді. Әрине бұл мереке Қыдыр атаның батасыз, тәтті шашусыз және әжелердің тілегісіз болуы мүмкін емес еді. Мереке соңында келген қонақтар мен ата – аналар дастархан басынан наурыз көжеден, ақ бауырсақтан, құрт – майдан ауыз тиіп жатты. 


ТЖ орынбасары Искакова Г.С.

Просмотров: 361


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст