Наурыз мерекесінің қарсаңында Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы «Зеренді ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізген «BALQADISHA ARÝҮ - 2019» байқауына 15 наурыз күні біздің мектептен 9 «А» сынып оқушысы Салимжан Әсемгүл байқауға қатысып «ИНАБАТТЫ АРУ» номинациясының жеңімпазы атанып диплом және сыйлыққа ие болды.
Бұл байқау алты кезеңнен тұрды. «Мен қазақ қызымын» - қатысушы еркіне қарай өзін-өзі таныстыру, «Ана тілегі» - бұл кезеңде қатысушы арулардың анасы, апасы, әпкесі немесе әжесі бата тілектерін береді, «Ана көрген тон пішер» - қазақтың ұлттық нақыштағы ою – өрнектерін орындау шеберлігін қазақ қыздарының бойына сіңіріп, дамыту, «Өнерлі өрге жүзер» - бұл кезеңде арулардың шығармашылық қабілеті, дарыны мен икемділігіне байланысты өз қолынан келетін өнерін ортаға салу, «Ас адамның арқауы» - қонақжай қазақ халқына тән бірден – бір қасиет дастархан жаю даналығын насихаттау. Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшеліктігін, жасалуын көрсету. Бұл кезеңде әр ару өзінің сүйікті тағамын дайындап, тағам жайлы, дайындалу тәсілі жайлы айтып беруі тиіс, «Қыздарға әсемдік жарасады» - бұл кезеңде арулар ұлттық киім үлгісін көрсетті.