18.03.2022 жылы «Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Наурыз мерекесі аясында «Қош келдің Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты-Наурызды қазақ халқының тойлауын көрсету. Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрлерге баулу. Олар туралы қарапайым түсінік беріп қана қоймай, ата-бабаларымыздың мұрасы сияқты ұлттық дәстүрлерді тануға, құрметтеуге, түсінуге және жалғастыруға үйрету. Мектептің тәрбие жұмысы аясында — оқушылардың интеллектісін, шығармашылық белсенділігін және бейнелі ой-өрісін дамытуға ықпал ету. Наурыз-көктем мерекесі. Наурыз-жыл басы. Бұл күн, 22 Наурыз, көктемгі күн мен түннің теңесуі — Шығыс халықтарының мерекесі, халықтардың ынтымақтастығы күні. Шығыс елдері үшін Наурыз-бұл бірлік, бейбітшілік, еңбек, көктем, жақсылық, бақыт мерекесі.