Текст
2022 жылғы ақпанның 15 күні «Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де АӘТД оқытушысы Е.М.Тулегенов жетекшілігімен жасөспірімдердің азаматтық сана-сезімін қалыптастыру, қорғаушыларға деген құрмет пен жанашырлық сезімін ояту мақсатында ерлік және қасіретті соғыстарға қатысқан барша жауынгерлерді еске алу үшін "Ауғаныстан жолдары біздің есімізде" атты Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 33 жылдығына арналған іс-шарасы өткізілді. Осы іс-шараның қонағы болуға Ауғанстан Демократиялық Республикасында әскери борышын өтеген ардагер жауынгер – интернационалист Байзақов Қайырбек Ахметханұлы шақырылды.