Текст
«Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жабылу салтанаты өтті. Оқушылар ән айтып, өлеңдер оқыды. Барлық сыныптар «Өзін-өзі тану» онкүндігіне белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды. «Өзін - өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің қорытындысы балаларды ұжымдық іс-әрекет дағдыларына, өзін-өзі ұйымдастыруға, өзін-өзі жүзеге асыруға, мектеп ұжымын біріктіруге, эмоционалды тонусты көтеруге, балаларда жағымды өзін-өзі бағалауды дамытуға, тек сөзбен ғана емес, іс-әрекетте де мейірімділік танытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету болды.