«Өзін – өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2 «А» сынып жетекшісі Көкен Игігүл «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбында қызықты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты «Махаббат» ұғымының мағынасын ашу; оқушылардың махаббат, риясыздық, тілектестік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Сабақ барысында барлық кезеңдер сақталды: бұл тыныштық сәті, әңгіме, сабақтың дәйексөзін талқылау, мұғалімнің сыйлығы (астарлы әңгіме), топтық жұмыс, қуаныш шеңбері, рефлексия, үй тапсырмасы. Сабақтың әр кезеңіне нақты уақыт бөлінді. Екінші сынып оқушылары талдау, қорытынды жасау қабілеттерін көрсетті, мұғаліммен әңгімелесуге белсенді қатысты, бейнеролик көрді, топтарда жұмыс істеді, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндірді. Қойылған сабақтың мақсатына қол жеткізілді.