Текст
«Өзін – өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 3 "А" және 3 "Б" сыныптарының сынып жетекшілері Сонгина Д.А. мен Ефремова О.Н. ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында «Ән-көңілдің ажары» атты ән байқауы өтті. Байқауда I орын - 3 «Б» сынып оқушыларына, II орын - 3 «А» сынып оқушыларына, III орын - 2 «А» сынып оқушыларына берілді. Қалған қатысушылар белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды.