31.01.2022
«Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу»тақырып бойынша іс-шара туралы ақпарат:
25.01.2022 педагог-психолог Жүнісова С.М. әлеуметтік педагог Өней П.У. бірге балаларды дұрыс, қауіпсіз мінез-құлыққа үйрету, қауіп төнген кезде балаларда сақтық, батылдық, тапқырлық сезімдерін қалыптастыру мақсатында жасөспірімдермен ерте жүктіліктің алдын алу бойынша «Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау ережелері» тақырыбында сабақ өткізді. Сабаққа 6-7 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ақпаратты қызығушылықпен қабылдап, сұрақтар қойды. Әңгімелесу барысында жасөспірімдер бұл іс-шараның ұнағанын мойындады.