Текст
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және бокстан Әлем чемпионы Теміртас Жусуповты қарсы алуға арналған Зеренді МБЖСМ бойынша бокстан жасөспірімдер арасында матчтық кездесу өтті. Сол кездесуге «Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ төрт оқушы қатысып, төртеуі де жүлделі І орынға ие болды. Атап айтсақ, 4 «Б» сынып оқушылары Сейтжан Дамир, Темірғали Ниет, 8 «А» сынып оқушысы Мантай Алдияр, 9 «Б» сынып оқушысы Петрухин Генадии.