Текст
27 қыркүйек-Дүниежүзілік туризм күні. Ол 1980 жылдан бері аталып келеді. Дүниежүзілік туризм күні туризмді насихаттау, оның мәдени байланыстарды дамытуға қосқан үлесін көрсету, халықтар арасындағы өзара түсіністікті қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі, бұл туризм күні көптеген елдер халқының денсаулығын сақтауға ықпал етеді. Бұл күн әлемнің көптеген елдерінде салтанатты түрде атап өтіледі. 2021 жылдың 20 қыркүйегінде "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Өркен ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ 1-11 сынып сынып жетекшілерімен "Туризм - Балалар көзімен"тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.