"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Оркен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақпарат 2021-2022 оқу жылында тамақтандыруды ұйымдастыру. "Мектепке жол" акциясы

03.09.2021

Оқу жылының басында білім беру ұйымының басшысы оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады, онымен тегін тамақ алуға құқығы бар білім алушылардың тізімдік құрамы бекітіледі. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін бір реттік тегін тамақтану ұйымдастырылған. Әлеуметтік педагогпен тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін сынып жетекшілерінің көмегімен мектеп оқушыларына арналған жеке құжаттар пакеті қалыптастырылды. Оқушылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізілді. Биыл жаппай оқыту қорынан 33 оқушы және 1-сыныптың 12 оқушысы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
"Мектепке жол"қайырымдылық акциясы шеңберіндегі іс-шаралар:
1) Ата-аналармен ұсынылған құжаттар пакетінің негізінде 2021-2022 оқу жылының басына материалдық көмек көрсетуге мұқтаж балалардың тізімі қалыптастырылды.
2)демеушілік көмекті тарту бойынша жұмыс жүргізілді.
Акция көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге бағытталған. Акция барысында жалпыға міндетті оқу қорынан 210,175 теңге сомасына аз қамтылған, көп балалы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 24 оқушыға спорттық костюмдер және кеңсе тауарлары түрінде көмек көрсетілді.Осы санаттағы 6 оқушыға "Дихан Плюс" ЖШС ұйымынан кеңсе тауарлары түрінде 60000 теңге және 1 сынып оқушыларына 72000 теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Бұл біздің балаларымызға өте жақсы көмек және қолдау, дейді мектеп оқушыларының ата-аналары және қамқорлығы үшін үлкен алғыс білдіреді.

Просмотров: 165


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст