"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Оркен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 қыркүйек - Білім күні

09.09.2026

2026 жылғы 1 қыркүйек күні «Өркен ауылының ЖОББМ» КММ-де 2026–2027 оқу жылының басталуына орай Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, 1–11 сынып оқушылары және ата-аналар қатысты.
Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына ақ тілектер айтылып, 11-сынып оқушыларымен бірге дәстүрлі сабақтастық рәсімі ұйымдастырылды. Жиын барысында мектеп директоры, келген қонақтар және ата-аналар жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуымен оқушыларды және ұстаздарды құттықтап, жаңа оқу жылында баршаға сәттілік, шығармашылық табыс және жоғары жетістіктер тіледі. 
Балаларға қуаныш сыйлап, қолдау көрсеткен «Дихан Плюс» ЖШС демеушілерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз!
Жиын соңында алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылына бастау берілді. 
Білім күніне арналған салтанатты жиын мазмұнды, жоғары деңгейде және көтеріңкі көңіл-күйде өткізіліп, оқушылардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына ықпал етті.

Просмотров: 19


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст