Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді енгізудің халықаралық тәжірибесі ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондай мақсатпен 2024 жылғы қарашаның 13-і күні «Өркен ауылының ЖОББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім алуға мүмкіндік беретін ерекше білім беруді қолдау кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Аталған іс-шара қонақтары: Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдарының кандидаты Ибраев Марат Умербаевич, «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Кенжеболатова Динара Шаймерденовна, «Зеренді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері Ошаганов Рустем Койайдарович, Өркен ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің зейнеткер ұстазы Кабдушев Мухамедияр Искакович, ереше білім беруді қолдау кабинетіне келіп, білім алатын оқушылардың ата-анасы Сонгина Алена Владимировна. Бұл кабинетте кабинет кураторы, дефектолог, логопед, педагог-психолог қызмет атқарады. Ерекше білім беруді қолдау кабинеті біздің аймақ мектептерінде білім алатын ерекше білімді қажет ететін оқушыларға осы кабинетке келіп, білім алуына үлкен мүмкіндік береді.
#zerendibilim
#zerendiaudany
#кабинетподдержкиинклюзии
#dinara_kenzhebolatova