4 сәуір 2024 жылы «Намыс» Спартакиадасы аясында өткен аудандық «Отан қорғаушы» әскери-спорт кешенінің нормативтерін орындау жөніндегі жарыстарға Өркен ауылының ЖОББМ оқушылары қатысып, жалпы командалық жүлделі ІІ орынға ие болды. Осы аталған жарыста 10 «А» сынып оқушысы Чернов Никита «Жоғары белдікте тартылу» жаттығуын орындауда жүлделі І орынға, «Кеудені жерден көтеру» жаттығуын орындауда жүлделі ІІІ орынға ие болды, 10 «А» сынып оқушысы Бағадаулет Айбол «Отыру қалпынан жоғары секіру» жаттығуын орындауда жүлделі І орынға, «Тіреуден жатып тұрып, кері қарай секіру» жаттығуын орындауда жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: АӘТД пәнінің оқытушысы Тулегенов Е.М.
#зерендіауданы
#зерендібілім
#біртұтас_тәрбие
#@dinara_kenzhebolatova
#@nursulu_87082194864